[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/0e8d2a37-d443-4c31-9124-e70d9af68112-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Айлардың сұлтаны, қасиетті Рамазан айында өңірдегі ботаникалық бақта інжір ағашы жеміс берді. Ол жылына бір рет көктем мезгілінде гүлдеп бірден жеміс береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қасиетті құран кітабындағы «Тин» сүресінде інжір жемісі жайлы айтылған. Аталмыш жеміс ораза айындағы пайдалы тағамдардың қатарына кіреді. Ол ас қортуды жақсартып қана қоймай, сондай-ақ инфаркт пен инсульттің алдын алуға көмектеседі дейді мамандар. Петропавлдағы ботаникалық бақта інжір ағашының екі түрі өседі.Оның бірі осыдан 40 жыл бұрын Грузия елінің Сухуми қаласынан әкелінген. Сонымен қатар, көктем мезгілінің келуіне байланысты ботаникалық бақта лимон ағашы да гүлдеген.

“Аңызға сүйенсек, інжір ағашының жапырақтары кезінде адамдардың ең алғашқы киімдері болған екен. Інжір субтропикалық жапырақты өсімдік. Пайдасы зор. Қыс мезгілінде бұл ағаштың жапырақтары толығымен түсіп қалады. Көктем мезгілінде бірден гүлдеп, жеміс береді. Інжір ағашының бір түрі күлгін түсті болып өссе,екіншісінің жемістері көлемі жағынан үлкендеу және сары түсті”,-дейді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x