[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»15836,15838,15837,15839″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлда гір көтеруден ел чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстанның 15 облысы мен Астана қаласынан келген 350-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Гір спортынан ел чемпионаты кеше сағат таңғы 9:00-де басталды. Бүгін доданың екінші кезеңі өтуде. ҚР гір спорты федерациясының вице-президенті Құрманғали Батырбаевтың айтуынша, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бірінен бірі өтеді, осалы жоқ. Дегенмен, Түркістан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысының қыз-жігіттері ерекше көзге түсуде.

«Чемпионатқа 2000-2004 жылғы жастар, одан кейін 2005-2006 жылғы, 2007 және одан жас спортшылар қатысып жатыр. 16 команда, барлығы 350-ге жуық адам бақ сынауда. Кеше серпе көтеру болды, бүгін жұлқа көтеру. Яғни, бір гірді бір қолмен, кейін келесі қолмен көтеру керек. Екі түріне де 10 минуттан беріледі», — дейді ҚР гір спорты федерациясының вице-президенті Құрманғали Батырбаев.

Түркістан облысы Шардара қаласынан келген Әсем Серікбай бүгін 6 минут ішінде 24 келілік гірді 70 рет көтерді. Айта кетсек, шардаралық бойжеткен 2019, 2021, 2022 жылдары Азия, Қазақстан чемпионы атанған. Жарыстар Индия, Өзбекстан елдерінде өткен.

«Гір спортына мені ағам алып келді. Өзіме қатты ұнайды. «Қыздар ауыр көтере алмайды», дегенді жиі айтып жатады. Негізі, қыздар ауыр көтере алады. Техникасын, спорттың барлық әдіс-тәсілдерін меңгеріп алсаң, түк қиындығы жоқ. Шынымды айтсам, бүгінгі чемпионатқа 1 ай ғана дайындалдым. Сонда да, 3-ші орынға табан тіредім», — дейді Әсем Серікбай.

Ал 11 сыныпта оқитын Екатерина Гербст Тайынша қаласының намысын қорғауда. Бастапқыда гір спортымен айналысу жерлесіміздің мүлдем ойына келмеген. Кездейсоқ жарысқа қатысқаннан кейін қызығушылығы оянғанын айтады.

«Гір көтерумен 1,5 жыл бойы әуестеніп келемін. Жарыстан өте көп эмоция аламын. Мәселен, чемпионатқа қатысу барысында жақындарымның, жаттықтырушымның берген қолдауы, айқау-шу ерекше шабыт сыйлайды», — дейді Екатерина Гербст.

Чемпионат бүгін кешке аяқталады. Жеңімпаз атанғандары Азия чемпионатына жолдама алады. Ол мамырдың 4-і мен 7-сі аралығында  Бішкек қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x