Петропавлда биыл газ жоқ дегенде екі рет қымбаттайды. Алдымен «Горгаз-сервис» ЖШС бағаны 2023 жылғы деңгейге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл сот шешімінен кейін анықталды. Кейін 2025 жылғы шығындарды есептеп, тағы да газ құны өсетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Газ бағасын өсіру бойынша Петропавлда жария тыңдалым өтті. Оған «Горгаз-сервис» ЖШС мамандары, МИБ төрағалары және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов қатысты. Қарастырылған жалғыз сұрақ — ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы негізінде «Горгаз-сервис» ЖШС-ның топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын өсіру туралы хабарламасын қайта талқылау.

Петропавлда газ қымбаттайды

Осыған дейін серіктестік газ бағасын өсіру бойынша 2023 өтініш берген. Ол кезде ол қанағаттандырылмай, тіпті төмендетуге ұсыныс болыпты. Кейін соттасып жүріп, монополист үш сотта да жеңіске жеткен еді. Шығын артқан, бірақ баға өзгермеген.

«Газ бағасы 2021 жылдан өзгерген жоқ. Біз 2023 жылы бағаны өсіру бойынша екі рет ұсындық. Бірақ, ол қабылданбады. 2024 жылы 120 млн теңгеден артық, 2023 жылы шамамен 85 млн теңге шығынға ұшырадық. Қазір біз алдымен 2023 жылғы бағаға дейін өсіруді көздеп отырмыз. Кейін 2025 жылғы шығын есептеліп, тариф тағы өзгереді. Шамамен 25-30 пайызға өседі», — дейді «Горгаз-сервис» ЖШС-ның өкілі Павел Малков.

Петропавлда газ қымбаттайды

Қалай болғанда газ қымбаттайтыны анық. Себебі, Жоғары соттың шешімін мүлтіксіз орындау керек. Әрі серіктестік директоры жиналғандардың сауалдарына жауап бере отыра, бұлай жалғаса беретін болса компания шығынға белшеден батып, тіпті газ таратуды тоқтатуымыз да ғажап емес дейді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов болса, газ таратушы серіктестік бір жылда бағаны бір емес бірнеше рет өсіруге құқылы деп отыр.

«Газдың бағасын бір текше үшін 677,27 теңгеге өсіру ұсынылды. Біз тексере келе оны негізсіз деп тауып, 517,45 теңгеге дейін төмендетуді ұсынған едік. Бірақ, сотта жеңіліп, баға өсетін болды. Енді газ бағасы алдымен 25,33 пайызға өседі. Бірақ, монополист оны келесі айда тағы қымбаттатуы да мүмкін», — дейді Дамир Тоқтамысов.

Петропавлда газ қымбаттайды
Петропавлда газ қымбаттайды

Тағы оқыңыз: Петропавлда 28 көшеге жаңа атау беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *