Петропавлда эвакуациялық пунктегі азаматтарға шаштараз қызметі тегін көрсетілді

Су тасқынынан зардап шеккен петропавлдықтар үшін шаштараз қызметі тегін көрсетіліп жатыр. М. Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайында орналасқан жатақханадағы азаматтарға 14 маман арнайы келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақмарал Рустемованың Заречный кентіндегі үйі су астында қалған. Қазір жолдасы екеуі жатақхананы паналап отыр. Мұнда көрсетіліп жатқан көмектің бәріне ризамыз дейді тұрғын. Бүгін шаштараздың қызметіне де жүгінді.

«Біз 10-шы сәуірден бастап эвакуациялық пункте болдық. Ұлым достарымен бірге пәтер жалдап тұрып жатыр. Жолдасым екеуіміз осындамыз. Бүгін шаштараз келеді дегесін шашымды қидырып алайын дедім. Себебі судың беті қайтқасын үйді жөндеп,  құжаттарды реттеу керек. Уақыт болмай кетеді. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып қалып жатырмын», — дейді қала тұрғыны.

Ақмарал Рүстемова сынды шаштарын сәндеп, қидырамын дейтін азаматтардың тізімі алдын ала жасалыпты. Шамамен 70 адам. Тұрғындарға тегін көмек көрсетіп жатқан мамандар барлығын бір күнде қабылдаймыз деп отыр.

«Біз қайырымыдылық шараларымен үнемі айналысып тұрамыз. Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қызмет көрсетеміз. Осы жолы да су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесейік деп шештік. 14 шаштараз келді. Оның ішінде ерлердің де, әйелдердің де, балалардың да шаштараздары бар. Барлығы да тәжірибелі мамандар», — деп атап өтті шаштараз  Татьяна Клабукова.

Олар гуманитарлық-техникалық колледж жатақханасында тұрып жатқан азаматтарға да қызмет көрсететін болады.

Тағы оқыңыз:Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерді алматылық дәрігерлер тегін тексеріп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x