Орда бұзар шағында темір торға тоғытылуы мүмкін. Петропавлда есірткі сатумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл қаласында 33 жастағы тұрақты табысы бар қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады. Ол есірткі сатумен айналысқан.

Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған 22 түйіншек тәркіленді. Сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан зиянды заттың тағы үш данасы табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен 25 граммды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты. Ер адам өткен жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданына Германиядан 165 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *