Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатаң шара қолданылып жатса да есірткі сатумен айналысатын жастардың саны азаймай тұр. Петропавлда есірткі таратушы интернет-дүкеннің операторы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласы, Жуков көшесіндегі үй ауласында 26 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру жұмыстарына сүйенсек, ол заңсыз есірткі сатумен айналысқан. Дәлірек айтсақ, «гашиш» атты зиянды затты сататын интернет-дүкеннің операторы болып шықты.
«Тергеу кезінде одан жалпы 516 грамм есірткі заты және бірнеше ұялы телефондар тәркіленді. Қазіргі таңда айыпталушы үйқамақта. Ол ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі бойынша тергелуде», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да пиротехникаға бақылау күшейтілді

