Петропавлда есірткі сатқан жас жігіт 15 жылға бас босатындығынан айырылуы мүмкін

Полицейлер Петропавлдағы жалдамалы пәтерден 2 келіден астам гашиш тәркіледі. Есірткіні таратып, сатты деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер 25 жастағы петропавлдық азаматты ұстап, оның жалдамалы пәтерінен «дозаларға» бөлінген өсімдік тектес зат салынған 100 полимерлік пакет тәркіледі. Сараптама бұның гашиш екенін көрсеткен.  Тәркіленгеннің жалпы салмағы 2 келіден асады. Аталған факті «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Петропавлда есірткі сатқан жас жігіт 15 жылға бас босатындығынан айырылуы мүмкін

«Күдікті ірі көлемдегі есірткі партиясын арнайы жасырылған орыннан алған. Аталған азамат қазіргі уақытта қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Гашиштің аса ірі мөлшері 200 грамнан басталатынын естеріңізге саламыз. Бұл баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жалпы СҚО полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеп алды. Оның 708 келіден астамы марихуана мен кептірілмеген қарасора және 20,5 келіден астамы гашиш пен 2,2 келіден астамы синтетикалық психобелсенді заттар.

Тағы оқыңыз:Петропавлда төтенше жағдай жарияланбақ

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x