Петропавлда тасқын судың беті қайтып жатыр. Қазір су деңгейі 1113 см құрайды, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстанда су тасқыны әлі де аяқталған жоқ. Бірақ, арнасынан асқан өзен суы тартылып жатыр. Өткен тәулікте су деңгейі 10 см төмендеп, 1113 см құрады. Жалпы, көктемгі тасқын кезінде Петропалда су деңгейі 1181 см дейін көтерілген болатын. Ал, бұл аймақта қауіпті меже- 960 см.
Тасқын су Қызылжар ауданының бірнеше ауылдарына және Петропавл қаласының өзен маңында орналасқан шеткі аудандарына қауіп төндірген еді. Мыңдаған жан бірнеше күн бойы тілсіз жаумен күресіп, үйлерге су кіру жағдайын болдырмады. Өңір тұрғындарына басқа облыстардан құтқарушылар көмекке келген болатын. Олар екінші мамыр күні үйлеріне оралды. Петропавл жұртшылығы мамандарды салтанатты сап түзеп, қошеметпен шығарып салды. Қазір тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Үміт» спартакиадасы өтті