Суға түсу маусымы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында үш бала суға батып кетті. ТЖД мамандарының сөзінше, өңірдегі су айдындарында көптеген демалыс орындары жаз мезгіліне дайын болмаған. Мәселен, қазір Петропавлда суға түсуге рұқсат етілген тек екі жер бар. Есіл өзені маңындағы жағажай су тасқыны кезінде шайылып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құтқарушылар облыстағы барлық жағажайларға рейд жүргізген. Нәтижесінде, Ғ. Мүсірепов, Қызылжар, Есіл мен Айыртау және Петропавлдағы суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде тиісті белгілер жоқ екені анықталыпты. Ғ. Мүсірепов ауданының екі коммуналды жағажайында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым жасалмаған. Тиісінше, бұл су айдыны жаз мезгіліне дайын емес.

«Петропавл қаласындағы Есіл өзені маңындағы жағажайдың топырағы су тасқыны салдарынан ұзындығы — 1,5-2, тереңдігі — 5,5-6 метрге дейін шайылып кеткен. Осыған байланысты бұл жағажайда әзірше, суға шомылуға болмайды. Ол талаптарға сай емес деп есептейміз», — деді ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

ТЖД мамандары тексеріс барысында  жағажайлардың түбі тереңдеп кеткенін анықтаған. Нәтижесінде, облыстағы 60 жағажайдың тек 50-інде суға түсуге болады. Облыс әкімі барлық әкімдер мен жауапты органдарға апта соңына дейін жағажайларға тиісті белгілерді орнатуды тапсырды.

Тағы оқыңыз:«Жамау-жамау жолдардың кесірінен апат жиі болады»: СҚО әкімі «ҚазАвтоЖолдың» жұмысын сынға алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x