[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»15326,15328″ fullwidth=»on» admin_label=»Gallery» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text admin_label=»Text» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Соңғы уақытта қала көшелерін су басып, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын қиындатты. Еріген қар суы тіпті Жұмысшы кентіндегі 5 үйге кіре бастаған. Тұрғындар тарапынан «Ikomek» ситуациялық орталығына суды сорып алу бойынша 293 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су кірген 5 баспананың бой көтергеніне 60 жылға жуықтаған. Сәйкесінше, үйлер төмен қарай түсіп кеткен. Сол жерлерге су жиналып қалған көрінеді. Қазір коммуналдық мекеме қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жасап, суды сорып алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаруаға 91 қызметкер мен 48 бірлік техника жұмылдырылды. Наурыздың 25-інен бері облыс орталығы бойынша 46 мың текше метр су сорып алынды.

«Қала көшелері мен аула аумақтарынан су сорып алынуда. Негізі мұндай жағдайдың орын алуына бірнеше фактор әсер етті. Барлықтарыңыз жақсы білесіздер: наурыздың басында жауын-шашын жауып, артынан күн қайта суытты. Сәйкесінше, кәріз жүйесі мен су өткізгіш құбырлар қатып қалды. Мұның барлығын жылыту уақыт алып, істі қиындатады», — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген тағы бір жағдай бар. Ол – кәріз жүйесінің бітеліп қалуы. Өйткені, кейбір тұрғындар онда тұрмыстық қалдықтарды лақтырған. Оны тазалау да біршама уақытты талап етеді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x