Петропавлда Жеңіс күніне арналған іс-шаралар тізімі бектілді. Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, «Мәңгілік полк» шеруі онлайн өтетін болады. Ол «Ер есімі-ел есінде» атауымен ұйымдастырылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін QM редакциясы «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастыру мәселесі әлі шешілмегендігін жазған болатын. Ол сұрақты тұрғындар облыс әкімінің халықпен кездесуінде көтерген еді. Жауапты тұлғалар, шеруді  ұйымдастыру барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы қарастырылады деген еді. Сұрақ шешілген. Шеру онлайн түрде өтеді.

«Мәңгілік полк» шеруі биыл «Ер есімі-ел есінде» деген атпен онлайн түрде өтеді. Акция кең көлемде өтетін болады. Ол облыста ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреттері «Жеңіс» атты үлкен архитектуралық формаларда орналастырылатын болады. Қазіргі кезде 1000-нан астам сурет жиналды», — дейді Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Диана Попова.

Сонымен қатар, қала бойынша ардагерлермен тыл еңбеккерлерінің суреттері баннерлерде орналастырылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындарының басым бөлігі ауылды жерлерде тұрады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *