Петропавлда ер адам пойыз астына түсіп, қаза болды. Қайғылы оқиға 27-ші қаңтар күні тіркелді, деп жазады Qazaqstan Media.

Пойыздың астында қалып, көз жұмған ер адам  1961 жылы туған. Ол жедел жәрдем келмей оқиға орнында жан тапсырыпты.   Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған құқықбұзушылық абайсызда адам өліміне әкеп соққан. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Тағы оқыңыз: Тағы өрт, тағы адам өлімі: Уәлиханов ауданында өрттен әйел адам қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *