Петропавлда ер адам тамағын кесіп жіберген. Тексеру нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға 12-наурыз күні кешкі алты кезінде орын алған. Мас күйде болған ер адам өзінің тамағын тіліп жіберген. Бұны көрген тұрғындар бірден жедел жәрдем бригадасын шақырғанымен, марқұмды аман алып қалу мүмкін болмады.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі жұмыстар басталды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға орын алған жатақхана тұрғындардың сөзінше, аталған орында жиі төбелес,шу болады екен. Мас күйдегі адамдар да көп жүретін көрінеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қайтыс болған ер адам мәйіттік донор атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *