Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 62 жастағы ер адам денсаулығына шағымданып келген. Айтуынша, оны ара шағып алыпты. Кейін басы айналып, қан қысымы төмендеп кеткен. Тұрғынға ара шағуына аллергиялық реакция, анафилактикалық шок диагнозы қойылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Науқасты жәндік досының омартасында шағып алған. Араның бізгегін ол өзі алып тастапты. Кейін денесі қалтырап, бас айналып және ара шаққан жер қызарып кеткен. Оған қоса, артерия қысымы төмендеп, жалпы әлсіздік пайда болады.
«Медицина персоналының уақытында жасаған реакциясы мен анафилактикалық шоктың клиникалық белгісі нақты анықтауының арқасында дерек шокқа қарсы көмек көрсетілді. Адреналин және гормон берілді, кезекші реаниматолог шақырылды. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды»,- деп жазылған аурухананың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жағдайдың ауырлығына қарамастан, ер адам басында емделуге жатудан бас тартпақ болыпты. Дәрігерлер оны қалуға көндіріп, өміріне төнген қауіп пен оның болуы мүмкін салдары туралы түсіндірген. Қазір жай-күйі тұрақтандырылғаннан кейін пациент терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Мамандар оған араның шағуына анафилактикалық шок, аллергиялық реакция диагнозын қойды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл өндірісте 16 адам жарақат алды