Петропавлда нөмір екінші қалалық емхананың бас дәрігері 118 мың 800 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Олыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Qazaqstan Media тілшілерінің жолдаған сауалына жауап берді. Антикор бас дәрігердің кәсіпкерлік субъектіден пара алғанын растады.
«Нөмір екінші қалалық емхананың бас дәрігері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсету шартын кедергісіз жасағаны үшін 118 мың 800 теңге көлемінде пара алған. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпарат таратуға жатпайды», — делінген тілшілерінің сұрағына берілген ресми жауапта.
Нөмір екінші қалалық емхананың директоры — Аманжол Қазиев. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оларға тергеу органдарынан бас дәрігерді жұмыстан шеттету туралы өтініш-арыз түспеген.
Тағы оқыңыз:Петропавлда ақша бопсалаумен айналысқан төрт жігіт сотталды