Петропавлда электр көлігін қуаттайтын станция орнатылады

Қазақстан бойынша шамамен 220 станция орнату қажет. Оның басым бөлігі республикалық маңызы бар жолдарда салынады. Ол туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Aikyn.kz. сілтеме жасап.

Еліміздегі электр көлігін қуаттайтын станциялардың жалғыз операторы KAZENERGY компаниясы саналады. Оның айтуынша, бұл жоба бойынша екі компания арасында меморандумға қол қойылады. Ел бойынша барлығы электр көлігін қуаттайтын 220 станция салыну керек болса, соның 40 биыл орнатылатын болады.

«Бұл мәселе пысықталып жатыр. Қазір республика бойынша 150 станция орнатылды. Оның 50-і республикалық маңызы бар жолдардың бойында тұр. Негізгі дәліз ретінде Астана-Алматы, Петропавл, ШҚО, Алматы облысы, Жетісу бағыты таңдалды»,- деді Дархан Иманашев.

Тағы оқыңыз:Петропавлда аутизммен ауыратын балалар терезесі жоқ жертөледе емделуге мәжбүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x