электр энергия тарифі

Петропавлда электр энергиясы тағы қымбаттамақ. Бүгіндері монополистер тарифті өсіру бойынша құжаттарды дайындап, тиісті органға өтініш берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі және жылу коммуникацияларының 57% — ы тозған. Салдарынан апаттар жиілеп, қызметкерлер өміріне қатер тудыруда. Энергетиктер тарифті өсірмей мәселе шешілмейді деп отыр.

«Елімізде «Инвестиция орнына тариф» жаңа қағидаты енгізілді. Сондықтан біздер, 2023-2025 жылдарға жылу энергиясын өндіру тарифін ұлғайтуға өтінім бердік. 2020 жылдың желтоқсанында бекітілген негізгі тарифтік смета өзгеріссіз қалады. Қалған үшеуіне түзетулер енгізу қажет. Бұдан бөлек, мамандардың еңбекақасын көтеруге жағдай жасалады. Бүгінгі күні бекітілген тарифтік сметада қызметкерлердің жалақысы 158 278 теңгені, 2023-2024 жылдарға 164 мың теңгені, 2025-ші жылға қарай 169 мың теңгені құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, «электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау» экономикалық қызмет түрі бойынша орташа еңбекақы 199 209 теңге шамасында», — дейді «Севказэнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов.

Өзгерістер инвестициялық бағдарламаның ұлғаюына байланысты туындаған. Бүгіндері орталықтағы бірінші турбина, 9-шы және 11-ші қазандықтар қайта құруды, ал № 2 қазандық жаңғыртуды қажет етеді. Сондай-ақ, негізгі жабдықтардың тозуын азайтуға және көрсетілетін қызметттердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін басқа да іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Барлық шығындарды ескере отырып, 2023 жылға ұсынылатын тариф 3 085 теңгені құрайды, бұл бекітілгеннен 205 теңгеге жоғары. Әзірге, құжаттар  табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде қаралып жатыр.

Тағы оқыңыз: Республикалық жолдарда 77 ақау анықталған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x