Петропавл маңындағы Бірлік шағын ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Бар-жоғы 2 жастағы бүлдіршін шемішке шағамын деп шашалып, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға анасы дүкенге шығып кеткен сәтте болған. Балалар үйде жалғыз қалған. Сол мезетте бүлдіршін шемішкені аузына салып, шашалып, тұншығып қалған.
«Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шақырту түскен бойда жедел-жәрдем қызметі дереу оқиға орнына жеткен. Алайда, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да прокурорлар қытайлық инвестордың құқығын қорғап қалды