Петропавлда қыркүйектің 21-і мен 22 -сі су болмайды. Бұл күндері «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желіcін дезинфекциялау және жуып-шаю жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Желілерді жуып-шаю жұмыстарын «Қызылжар су» ЖШС жыл сайын жүргізеді. Өйткені, су құбырлары тазартуды қажет етеді. Дезинфекция кезінде құбырдан немесе сырттағы су құдығынан суды алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге тыйым салынады. Мамандардың айтуынша, су берілгеннен кейін де оны бірден пайдаланбаған дұрыс.
«Биыл су беру қыркүйектің 20-сынан 21-іне қараған түні тоқтатылады. Сенбі күні профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Ал 22 қыркүйекке қараған түні суды біртіндеп бере бастаймыз», — деп түсіндірді «Қызылжар су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.
Тағы оқыңыз: СҚО-да халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды