Петропавлда екі көлік соқтығысып, бірі жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетті

Петропавлдың қақ ортасында екі көлік соқтығысып қалды. Салдарынан төрт адам зардап шеккен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол апаты қаңтардың үші сағат 00:20-да Жамбыл және Интернационал көшелерінің қиылысында болған. Lada мен Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысып, соңғы көліктің 25 жастағы жүргізушісі емдеу мекемесіне жеткізілді. Машинада болған тағы екі жолаушы мен Lada автокөлігінің жүргізушісіне да медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне жіберілді.

«Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осындай жағдайларды болдырмас үшін жылдамдық режимін сақтау керек», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Биыл МӘМС жарнасы өзгере ме?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *