Қарашаның 3-нен бастап облыс аумағына қалың қар түсіп, айнала көктайғаққа айналды. Соның салдарынан Петропавлда екі күннің ішінде 30-ға жуық адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Үшінші қараша күні көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жарақат пунктіне 64 адам түскен. Оның 21-нің сүйектері сынған, 28 адамның жарақат алуына жол-көлік оқиғасы себеп болған. Қалғаны түрлі дене жарақатын алған.

Зардап шеккендердің көбі көшеде құлаған. Себебі, қазір облысқа түскен қардың салдарынан айнала көктайғаққа айналды. Үшінші қараша күні 22 адам далада құлап, ауруханаға түскен.

Ал төртінші қарашадағы жағдайға келер болсақ, бұл күні аталған медициналық мекеме мамандарының көмегіне тоғыз адам жүгінген. Екі адамда сүйектің сынуы диагнозы тіркелген. Көшеде болған жарақаттардың саны — бесеу.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алғаш рет майлы дақылдардың рекордтық өнімі алынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *