Петропавлда екі бірдей сауда орталығына «бомба қойған» азамат іздестірілуде

Петропавлда екі бірдей сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан азамат іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2 желтоқсанда бәз біреулер Петропавл қаласындағы «Квартал» және «Корона» сауда орталықтарында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Полицейлер шұғыл қызметтермен бірлесіп ғимараттар мен іргелес жатқан аумақты жедел тексерді. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күмәнді заттар табылған жоқ.

«Жалған хабарламаларға қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, мұндай әрекеттер үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір сағатта сегіз мың бөтелке спирттік өнім шығарылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *