Петропавлда екі автокөлік соқтығысып, 21 жастағы бойжеткен жарақат алды. Жайсыз жайт Жамбыл мен Абай көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. Жамбыл мен Абай көшелерінің қиылысында «Audi» мен «Lexus» автокөліктері соқтығысты. Салдарынан 21 жастағы түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Сол маңдағы камераға түсіп қалған бейнежазбаға зер салсақ, рөл тізгіндеген жандардың жауапсыздығы байқалады.
«Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
СҚО-да жыл басынан дәл осындай 165 жол апаты орын алды. Салдарынан үш адам қаза тауып, 211 адам түрлі дене жарақатын алды.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында «Ауыл әйелі — ел мақтанышы» атты форум өтті