Петропавлда екі айдан бері іздестіріліп жатқан әйел табылды. Қала тұрғыны А.Касимова сәуір айынан бері хабарсыз кеткен. Қызы оны таба алмай, еріктілер мен полициядан көмек сұраған болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Із-түссіз кеткен әйелдің жағдайы жалғыз жақындарын ғана емес, бүкіл қала тұрғындарын алаңдатты. Нәзік жандыны табу үшін тәртіп сақшылары мен еріктілер аянып қалмады. Айта кету керек, ол бірге тұрып жатқан азамат А.Ледяевпен бірге жоғалған.
Қала тұрғындарының табылатынына жерлестері кәміл сенді. Қуанышқа орай, оны криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Руслан Сулимов кезекшілігі кезінде байқап қалады. Тиісінше, бірден еріктілердің көмегімен әйелді дереу үйіне жеткізген. Нәзік жанды қаңғыбастармен бірге жүрген екен.
Айта кету керек, Петропавлда бірнеше із-түзсіз кеткен жандар іздестіріліп жатыр. Олардың қатарында 5 маусым күні үйінен шығып, қайта оралмаған Денис Шмидт пен екі айдан бері іздестіріліп жатқан студент Анатолий Филиппов бар.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда рұқсатсыз ағаш кескендер айыппұл арқалайды