Петропавлда гараж кессонында сырлау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі ер адам газдан уланып қалды. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға «Восход» гараж кооперативінің аумағында болған.
«1 шілде күні сағат 17:31-де гараж кессонында сырлау жұмыстарын жүргізу кезінде 1962 және 1964 жылы туылған ер адамдар газдан уланып қалды. Жедел-құтқару қызметкерлері зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі зардап шегушінің де жағдайы орташа. Олар ауруханаға жатудан бас тартқан.
«18:42-де екі ер азамат ауруханаға жеткізілді. Оларға лак-бояу заттарымен улану диагнозы қойылды. Науқастар бас айналу мен әлсіздікке шағымданды. Шұғыл түрде қабылдау бөлімінде алғашқы көмек көрсетілді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы
Тағы оқыңыз:Петропавлдағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында мамандар жетіспейді