Петропавлда 2024 жылы ДСП шығаратын фабрика іске қосылады деп жоспарлануда. Ол туралы облыс әкімі зауыттарды аралағанда айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір басшысы Ғауез Торсанұлы облыс орталығындағы негізгі зауыттардың жұмысымен танысты. Ең алдымен мұнай өндіру саласына қондырғы шығаратын «Мұнаймаш» кәсіпорнына барды. Ол Қазақстан нарығын сорғыш штангалар мен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 10 мың данасын шығарады. Ал ламинатталған фанера шығаратын комбинатта келер жылы жаңа желі іске қосылады. Қазір инвесторлар ДСП шығаратын фабрика салуда. 

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыруды қолға алды. Орталық Азияда мұндай форматтағы аппараттарды тек біздің зауыт шығарады. Дрондарды заң бұзушыларды қадағалап, суда және орманда адамдарды іздеу үшін пайдалануға болады»- деп жазды өңір жетекшісі әлеуеттік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *