Балаларға арналған «Достық» лагерінде «Құқық және жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара өтті. Ол «Қауіпсіз жаз» акциясы мен «Заң және құқық» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Іс-шараны ұйымдастыруға Петропавл қаласы КММ «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты. Кездесу қатысушыларының қатарында колледж студенттері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, сондай-ақ нашақорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова болды.

Шара интерактивті форматта өтті. Дәріс ойын-викторина түрінде ұйымдастырылды. Құқықтық мәселелерді талқылауда жасөспірімдер белсенділік танытты. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет алды, заңды сақтау маңыздылығын, жеке қауіпсіздік пен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Мамандар мен шақырылған сарапшылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және жаз уақытында құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы саңырауқұлақ фермасының 70 пайызы тұрғызылды