Петропавлда қаланың бірыңғай архитектуралық және визуалды стилін қалыптастыруға бағытталған дизайн-кодты әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты. Әкімнің сөзінше, дизайн-кодтың басты мақсаты – көшелердің, ғимараттардың және жарнамалық құрылғылардың сыртқы көрінісін реттеп, қала келбетін біріздендіру, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлда дизайн-код әзірлеу жұмысытары 20222 жылы басталған болатын. Ол кезде конкурс өтіп, жобаны әзірлеуге 75–85 миллион теңге бөлініпті.. Алайда сол уақытта дизайн-кодты заңды түрде бекітуге арналған нормативтік база дайын болмаған.

Петропавлда дизайн-код әзірлеу бойынша биыл нормативтер бекітіледі
Петропавлда дизайн-код әзірлеу бойынша биыл нормативтер бекітіледі

«Сондықтан 2024 жылы бұрынғы келісімшартты бұзып, жұмысты қайта бастадық. Жаңа ережелер бекітілгеннен кейін жобаның құны қайта есептеліп, шамамен 40–45 миллион теңге болып анықталды. Павлодарлық компания осы жұмысты қолға алды», – деді қала әкімі.

Әкім жобаның екі кезеңнен тұратынын атап өтті:

– нормативтік құжаттарды әзірлеу;

– магистральдық көшелерді безендіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Серік Мұхамедиевтің айтуынша, жобаны талқылау барысында қалалық сәулет кеңесі бірқатар ескертулер жасаған. Қазіргі уақытта мердігер компания сол кемшіліктерді түзетуде.

«Біз бірінші кезеңде ең алдымен нормативтік бөлігін қабылдауды жөн көрдік. Маған нақты регламент керек. Бизнес пен мемлекеттік органдар қандай талаптарды орындауы тиіс – бәрі құжатта жазылуы тиіс. Бұл құжат қазір толық әзірленіп қалды. Биыл нормативтерді қабылдауға тырысамыз. Ал келесі жылдан бастап кәсіпкерлерге және өзімізге нақты талаптар қойылады», – деді әкім.

Қала басшысы қазіргі уақытта көптеген нысандарда дизайн нормалары бұзылып отырғанын ашық айтты.

Тағы оқыңыз: Қала әкімі: «Әр балабақшада қазақ тобы болуы керек»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *