Петропавл қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары Алмас Досан мен Жалғас Асқарға өздері жауапты аумақтың тұрғындары көмекке жүгінді. Оларды жиі қараусыз қалатын балалардың жағдайы қатты алаңдатқан. Олардың айтқаны расталды, балаларға ата-анасы көңіл бөлмей келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұрғындарды әсіресе үш жасар баланың жағдайы алаңдатқан. Жеткіншек аяғын қатты күйдіріп алған екен. Ата-анасы ешқандай шара қолданбаған. Ауруханаға да апармапты.

Жағдайды естіген полицейлер бірден оқиға орнына аттанды. Мән-жайды өз көздерімен көрді. Учаскелік инспектор келсе де, кішкентайдың ата-анасы баласын ауруханаға апарудан бас тартқан.
«Үйде отырып-ақ емдеуге болады»,-деп жауап беріпті.

Тәртіп сақшыларын бұл жауап қанағаттандырмады. Олар бірден баланы қызметтік көліктеріне отырғызып, ауруханаға жеткізді. Тиісінше, дәрігерлер жеткіншекке толыққанды медициналық көмек көрсетті.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының орталығы мен Жұмысшы кентін байланыстыратын автожол өткелінің құрылысы баяу жүріп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *