Петропавл тұрғыны Ойқала ауданында орналасқан жеке медициналық кабинеттің маңына автотұрақ салуды сұрап отыр. Себебі, клиника клиенттері көліктерін жол жиегіне қойып, өзгелерге ыңғайсыздық тудыруда, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың қабылдауына келген Наталья Ханның базынасы денсаулық саласына емес, қаланы абаттандыруға қатысты болды. Ол Потанин көшесі бойындағы медициналық орталықтың автотұрағы жоқ дейді. Сондықтан емдеу мекемесіне келетін клиенттер машиналарын жеке тұрғын үйлерге барар жолға қойып, өзгелерге кедергі келтіреді екен.

Петропавлда демалыс алаңының орнына автотұрақ салынады
Петропавлда демалыс алаңының орнына автотұрақ салынады

«Медициналық орталықтың оң жағында сүрілген үйлердің орны бар. Сол жерге автотұрақ салынса жақсы болар еді. Ол жер қалалық әкімдікке тиесілі және ол учаскені абаттандыру жоспарланып жатыр екен. Саябақ, демалыс алаңын ұйымдастырғанша, көлік қоятын орын болса дейміз. Себебі, жол жиегіндегі көліктер өзгелерге кедергі келтіреді», -дейді Наталья Хан.

Оның ұсынысын медицналық орталықтың жетекшісі Зульфия Халикова да құптады. Айтуынша, клиника басшылығы да автотұрақ ұйымдастыру жағын ойластырып жүр екен.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановқа тұрғындардың ойы ұнады. Ол тұрғындарға қалалық әкімдікке жүгінуді ұсынды.

«Ойқала ықшам ауданында сүрілген үйлердің орны бос жатпас үшін демалыс алаңдарын ұйымдастыру жоспарда бар. Ағаштар егіп, тренажерлар мен демалыс орындарын ұйымдастырмақпыз. Шамамен 70 алаң салынады. Егер сіздер автотұрақ бойынша ұсыныс жазсаңыздар, оны да қарастырамыз», — деді Рустем Құрманов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шенеуніктер қоқыс шығару тарифін негізсіз көтерген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *