Петропавлдағы орталық алаңда тоғызыншы мамырда әскери-патриоттық және майдан жылдары туған шығармалар шырқалды. Сонымен қатар, ерлеріміздің ерлігі жырланды. Осындай әндердің бір бөлігі «Біз-Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концертінде әуеледі, деп жазады Qazaqstan Media.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған гала-концерт ерекше. Көзге жас, жүрекке жылу ұялатады. Әр ән отты жылдары фашистермен майдан даласында шайқасқан батырларымыз жайында. Ашық аспан мен бейбіт өмірді аңсаған жауынгерлердің армандары туралы. Зымырған оқ , жарылған зеңбірекке қарамастан жеңіс туын желбіреткен жандар жайында.

Петропавлда «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концерті өтті
Петропавлда «Біз — Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концерті өтті

«Мен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» туралы шырқаймын. Ән айтуға ауыр болғанымен, оның маңызы бөлек. Қайсар жас қыздың ерлігі туралы. Жалпы соғыс туралы әндерді айту оңай емес. Әрқашан толқып тұрамын»,- дейді сегізінші сынып оқушысы Ника Сироткина.

1941-1945 жылғы соғыс әр отбасыға қайғы-қасірет әкелді. Қолына қару ұстай алатын әр еркек майдан даласына аттанды. Олар төрт жыл бойы жаумен күресіп, бейбіт күн орнатты. Ерліктері де, есімдері де тарихта алтын әріптермен қалды. Туған жерден шетте шейіт болған жандар өз ұрпағына бейбіт күн сыйлап кетті. Олардың армандарын «Бейбіт күн тілегі» әнімен концертте алтыншы сынып оқушылары жеткізді.

Петропавлда «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концерті өтті
Петропавлда «Біз — Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концерті өтті

«Соғыс жайында, майдан даласындағы қақтығыстар туралы бізге мектепте әрқашан айтып отырады. Аталарымыз нағыз қаһарман. Қорықпай, жауға қарсы тұрды. Менің туған атам Жұмабек те соғысқа қатысқан ардагер. Оны мен мақтан тұтамын. Енді соғыс болмаса екен»,- деп бала тілегін жеткізді Ділназ Жұмабек.

Гала-концертте бас-аяғы 17 ән шырқалды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Он жастағы бала да, 60-тағы қария да майдан, ерлік, бейбітшілік, туған жерге сағыныш, жеңіс жауынгерлеріне тағзым туралы шырқады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар Жеңіс күнін атап өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *