Петропавлда биыл жаңа су бөгеті салынбайды

Облыстық бюджеттің резервінен Ойқаладағы Ущев көшесіндегі  бөгетті қалпына келтіруге 42 млн теңге бөлінді.  Яғни, биыл жаңа бөгет салынбайды,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қалалық кеңестің 15-ші сессиясында қаладағы бөгеттің мәселесі қаралды.  Жиында биыл жаңа бөгет салынбайтындығы айтылды. Тек бүлінген жерлерді қалпына келтіру қарастырылып отыр. Ойқалағ жаңа су бөгеті тек келесі дылы салынады.

«Қазірдің өзінде саңылауларды жабу схемасы бар. Биыл біз оларды жай ғана жұмыс күйіне келтіреміз. Егер бар болса, жыраларды жабамыз, басқа жұмыстар жүргізілмейді. Сонымен қатар, бөгетті жаңа көрсеткіштер бойынша жобалау жүріп жатыр. Келесі жылы үкімет резервінен жаңа бөгет салуға қаражат  сұраймыз», — деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Шаһар басшысы Былғары зауыты ауданында бөгет нығайтылып, ұзартылады деп отыр. Ал су басқан аймақтарда жабық спорт кешендері салынбақ.

Тағы оқыңыз: Елімізде мамандандырылған ХҚКО жүйесі істен шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x