Петропавлда жыл басынан бері 12 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі  тіркелген. Нәтижесінде 2 әйел адам қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Республика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылықтан соңғы 4 жарым жылдың ішінде 900-ге жуық келіншек қайтыс болған. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша 2000-нан астам дерек тіркелген. Мамандардың сөзінше, Петропавл қаласында да жағдай мәз емес.

«Биыл отбасында зорлық-зомбылық көрсеткені үшін   1000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 200-ден астымына сот шешімімен тәртіптік жаза қолданылды.Әдетте күйеулерінен жәбір көрген әйелдер бұны жасырып қалуға тырысады. Бірақ бұл дұрыс емес»,-дейді Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы Әсем Ілиясова

Қазіргі уақытта Петропавлда «Бақытты отбасы» жобасы жұмыс істейді. Жоба қиын жағдайға түскен жандарға көмек көрсетеді.

«2021 жылы қолға алынған жоба аясында қиын жағдайға тап болған жандарға психологиялық және заңгерлік көмектер көрсетілуде. 2022 жылы 1500 отбасы, ал биыл 1800 жанұя қолдау тапты», — деді «Демеу» орталығының директоры Жұлдыз Саттарова.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x