Петропавлда биыл алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер жазаланды

Петропавлда алимент төлеуден қасақана жалтарған 62 адам прокурорлардың бақылауына алынған. Олардың 21-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуі 1 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласы прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы органның бастамасымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – алимент бойынша борышы барлар мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру. Іс-шара нәтижесінде 15 адам жұмыс тапты. Жалпы биыл прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылған.

«Қазіргі уақытта біздің бақылауымызда алимент төлеуден жалтарған 62 борышкер бар. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жәбірленушілермен татуласуына байланысты 2 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұдан басқа, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен бір борышкерге 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылды», — дейді прокуратура өкілдері.

Тағы оқыңыз:СҚО-да әріптесін атып өлтірген әскери қызметші екі жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x