Петропавлда биыл 32 зейнеткер және 13 жасөспірім отбасын құрған

Петропавлда 2024 жылдың басынан 740 жұп некелерін заңдастырған. Оның 32-сі зейнеткер болса, 13-і жасөспірім. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең көп үйленетіндер де, ажырасатындар да петропавлдықтар екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Аудандарда жыл басынан 453 отбасы құрылған. Ал, Петропавлда-740 жұп шаңырақ көтерген. Сонымен қатар ажырасатындардың басым бөлігі облыс орталығының тұрғындары екен. Мәселен, жыл басынан Петропавлда 400 жұп некелерін бұзуға өтініш жазған, ал аудандарда — 124 отбасы дәм-тұздары жараспай екіге кетіпті.

«Некелерін бұзғысы келетін жұптардың арасында үйленгендеріне бір жыл ғана толғандар да, 15 жыл бойы отасқандар да кездеседі. Кейбір азаматтар төртінші, бесінші рет некелесіп жатады. Петропавлда биыл 32 зейнеткер отбасын құрды. Кәмелетке толмағандар арасында 13 неке тіркелді», — деп жауап берді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серік Бейсенов.

Отбасын құрып, шаңырақ көтергісі келетіндердің орташа жасы 26-29 жас екен. Аралас некелер саны бойынша да Петропавл көш бастап тұр – 240 отбасы. Облыста олардың саны -170.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі адам газдан уланып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x