Петропавлда жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балақайларды оқуға дайындау пысықталып жатыр. Қазіргі таңда қаланың білім ордаларында бірінші сыныпқа баратын балалар үшін даярлық топтары жұмыс істеп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталарына бір айдан аз уақыт қалды. Педагогтармен қатар, бірінші сынып оқушылары да өмірдлеріндегі жаңа кезеңге дайындалып жатыр. Олар үшін қала мектептерінде даярлық топтары аылып, жұмыс істеуде. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектептің қабырғасында бірінші сыныпқа баратын даярлық топтарында 50-ден астам болашақ оқушу бар. Олар тамыздың 4-і мен 15-і аралығында арнайы бағдарлама бойынша тәлім алады.

Ұстаздар балақайларға жазуды, оқуды және көпшілік ортада өз-өзін қалай ұстауды үйретеді. Тіл дамыту, сауат ашу, математика негіздері, сурет салу және еңбек. Осы сынды сабақтар күнде таңғы 9:00 мен 11:00 аралығында өтеді.

«Арасында ұл-қыздар ойындар ұйымдастырады. Олар ұл-қыздарды сергітуге және ойлау қабілеттілігін жақсартуға негізделген. Айта кету керек, ата-аналарға сабаққа қатысуға тыйым салынған. Себебі, балалар мектепке өздігінше үйренулері тиіс»,-дейді мұғалімдер.

Жаңа оқу жылында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектептің табалдырығын 144 балақай аттайды. Білім ұясындағы оқушының жалпы саны 1500-ге жуықтайды.

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында мектептерден 40 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлаған бухгалтер сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *