Петропавлда бір күнде екі әйел саңырауқұлақтан уланды

4-ші шілде, жексенбі күні Петропавлда екі әйел саңырауқұлақтан уланып, аурухана түсті. Екеуінің де жасы 49-да. Қазір біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Демалыс күні қалалық көпбейінді ауруханаға саңырауқұлақ жеп, уланды деген диагнозбен екі келіншек жеткізілді.
Бірінші келген пациенттің жағдайы ауыр болды. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазіргі кезде келіншектің жағдайы жақсарды. Өздігінен демалып жатыр, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

«Екінші келіншек, жексенбі күні кешкісін түсті, Ол терапия бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы ауыр деп саналғанымен, тұрақты. Екі пациентке де барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандар саңырауқұлақтарды жегеннен кейін улану белгілері пайда болса, шұғыл түрде дәрігерді шақыруға кеңес береді.

«Саңырауқұлақпен уланудың негізгі белгілері оларды жегеннен кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін. Саңырауқұлақпен улану белгілерінің қатарына жүрек айну, құсу, диареямен іштің қатты ауыруы, тәулігіне 10-15 ретке дейін, дене температурасының жоғарылауы, импульстің әлсіздігі, қолдар мен аяқтар суық, асқазан мен аш ішектің қабынуы (жедел гастроэнтерит) жатады»,- деп ескертті облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Василий Лабанчук.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында облыстық «Ақбидай» спартакиадасы басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x