Петропавл қаласында құрғақ шөп өртенді. Бір гектар жерге таралған отты өрт сөндірушлер дер кезінде ауыздықтады, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт облыс орталығының «Зайсан» шағын ауданында болды. Мамандар жедел әрекет етіп, оттың үйлер мен ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

«Құрғақ әрі желді ауа райында өрт шығу қаупі артады. Сондықтан абай болып, табиғат аясында от жақпаңыздар. Құрғақ шөпке темекі тұқылын тастамаңыздар», — деп ескертеді СҚО ТЖД.

Аудандар да осындай  өрт фактілері тіркелді. Мәселен, Тайынша қаласының үйдің маңында құрақ шөпті өртеймін деп, от 50 шаршы метр жерге жайылған. 

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында да осындай жағдай болды. Мұнда да азаматтар шөпке от қойған. Нәтижесінде ашық аумақта 0,5 гектар жердегі құрғақ шөп пен екі шөп орамасы жанып кетті.

 

Тағы оқыңыз: Петропавлда 15 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *