Петропавлда бес жастағы бала көпқабатты пәтердің үшінші қабатынан құлап кетті. Оқиға орталықтағы үйлердің бірінде орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ата-анасы баланың терезенің жақтауына шығып кеткенін аңғармай қалған. Балғын москиттік торға сүйеніп, құлап кеткен. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жеткіншектің жағдайы белгісіз.
«Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген мәліметте.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бала эскалатордан құлап кетті