СҚО-да 28 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Оның бесеуі Петропавлда орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысында спортпен 225 088 адам айналысады. Аймақта жастарды салауатты өмір салтына тартуға ерекше басымдық берілуде. Бүгінгі таңда өңірде 28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
28 мектептің бесеуі Петропавлда орналасқан. Оның барлығы олимпиадалық резервтегі нысандар. Олар: «Дельфин», «Жеңіс», бокс, спорттық акробатика және Қ.Байболов атындағы қысқы спорт мектебі.
«Аталған мекемелерде 26 олимпиадалық спорт түрі дамытылуда. Мектептерде 11 мыңға жуық адам спортпен шұғылданады. Оларға 527 жаттықтырушы-оқытушы жетекшілік етеді», — деді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Петропавлдағы Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледждінде 311 оқушы білім алуда. Жалынды жастарды 48 жаттықтырушы-оқытушы дайындайды. Ал жоғары спорт шеберлігі мектебінде 11 спорт түрінен 55 спортшы жаттығады.
Айта кету керек, олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт секцияларында 102 683 адам шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына Солтүстік Қазақстан облысынан 299 спортшы кіреді.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар қараша айында 10 күн демалады