Былтыр жазда бес адам қаза болған жол апаты фактісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі, қарсы бағытқа шығып, апатты болдырған жеңіл көліктің жүргізушісі сол оқиғада көз жұмған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы жағдай 2025 жылдың 5-ші  маусымында орын алған болатын. Александр Куц  Омбы тас жолы жағынан  Набережный көшесі бағытында Mercedes-Behz көлігімен келе жатқан. Кейін тергеу анықтағандай, ол рөлге мас күйде отырыпты. Қатты жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып кетіпті. Дәл осы уақытта алдынан тауар тиеген «ГАЗель» көлігі шығады. Қатты соққындан машина отқа оранады.

Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі  және тағы үш адам көз жұмды. Оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі мен жеті жастағы қызы да бар. Ер адам кәсіпкерлікпен айналысқан. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханада көз жұмды. Жантүршігерлік оқиғада тек бір адам ғана тірі қалды.  

Сотқа  Александр Куцтың әкесі оның қайтыс болуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті. Сотталушының қорғаушысы оны қолдады. Сот өтінішті қанағаттандырып, іс тоқтатылды.

«Жүргізушінің жолға деген немқұрайлылығының құны қайғыға айналды. Бес адамның қазасы — жақындары үшін орны толмас ауыр қаза әрі жол қозғалысы ережелерін елемеудің соңы қандай болатынын айқын көрсетеді», — деді қадағалау органы.

Ведомство өңір тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, оларды бұзғаны үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында тоғыз адам қаза тапқан.

Тағы оқыңыз: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді – Артур Ластаев

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *