Петропавлда бензин кей жанармай құю бекеттерінде талонмен беріліп жатыр

Солтүстік Қазақстанда 114 жанармай құю станциясы бар. Бүгінгі таңда жауапты мамандар облыс бойынша бензин тапшылығы жоқ дейді. Дегенмен кей бекеттерде өнім талон арқылы ғана беріліп жатыр, деп жазады Qazaqstsn Media.

Облыстағы 114 жанармай құю станциясының 39-ы Петропавл қаласының аумағында орналасқан. Өңір тұтынушыларының сұранысын Qazaq Oil, Эталон Авто, Helios, Трасса24 ЖШС қамтамасыз етіп отыр. Осыған дейін де редакция, тамыз айының басында бензин тапшылығы бар екенін жазған болатын.

«Тамыз айының екінші жартысынан бастап «Шельф» бекеттерінд АИ-92, АИ-95 маркалі бензин талон арқылы беріледі. Себебі, бөлінген жанар-жағармай көлемі аз. Қазіргі кезде мұнай өнімі жеткізілу үстінде, жолда келе жатыр», — деп хабарлады кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Амрин.

Бензиннің бағасы өзгеріссіз қалды. АИ-92 бензинінің литрі 199-205 теңге, АИ-95 бензині 249-265 теңгеден сатылып жатыр. Ал дизель отынына қатысты мәселе жоқ. Ол жеткілікті көлемде бар. Литрі 285-295 теңгеден сатылымда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қыркүйектің соңында қар аралас жаңбыр жауады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x