17-ші мамыр күні қалалық көпбейінді ауруханаға денесінің 90% күйік шалған ер адам жеткізілді. Келіншегінің айтуынша, ол канистрден дәнекерлеуші шамға бензин құйған кезде темекі шеккен. Сол кезде бензинге от тиіп, науқастың киімі отқа оранған, деп жазады Qazaqstan Media.

30 жастағы ер адам бензинді бір ыдыстан екінші ыдысқа құю кезінде күйік алған. Оның қолында темекі болған. Сол кезде жарылыс болып, киімі жана бастайды. Зардап шеккен азамат жедел жәрдем арқылы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жағдайдың ауырлығына қарай, ол бірден жансақату бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын «өте ауыр» деп бағалап отыр.

«Ер адамның денесінің 90% күйік шалған. Басы, аяқ-қолы және тыныс алу жолдары күйген. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Дәрігерлер барлық ем-домды көрсетіп жатыр», — деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары аталмыш фактіні тексеріп, қылмыс әрекетін тапқан жоқ. Олар отты пайдалану кезінде сақ болуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының спортшылары гір көтеруден  Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *