Петропавлдағы «Арман» орталығында тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар тәрбиеленеді. Сондықтан тазалық пен жайлылықты сақтау мұнда ерекше маңызға ие. Орталық қала сыртында орналасқан. Оның аумағын тазалауға қаланың белсенді жастары бір адамдай ат салысты, деп жазады Qazaqstan Media.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық іс шарасы барысында ортаоық аумағы құраған шөп, сынған ағаш ұтақтарынан тазартылды. Сарғайып, жерге түскен жапырақтар да сыртқа шығырлды.

Жастар ресурстық орталығының мүшелері балаларға тәттілерін де ала келіпті. Ал, «Арман» орталығының қызметкерлері сенбілікке қатысушыларға бауырсақ ұсынып, алғыс білдірді.

«Болашақ» филиалының партия мүшелері «Арман» орталығына бірнеше жылдан бері тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Олар бұл жерде қайырымдылық акцияларын, шығармашылық кездесулер мен спорттық іс-шараларды үнемі ұйымдастырады.
«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыра отырып, белсенділер барлық азаматтар үшін, әсіресе ерекше қолдауды қажет ететін жандарға тең мүмкіндіктер жасауға тырысуда. Бұл акция – жастардың игі істер мен қамқорлық жолында біріге алатынының кезекті дәлелі», – деді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде 350-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді, нәтижесінде шамамен 600 тонна қоқыс жиналды.

Тағы оқыңыз: Демалыс күндері солтүстікте қар жауады