СҚО-да Қарттар күніне орай түрлі шаралар өтуде. Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері 86 жастағы кейуанаға көмектесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері 86 жастағы қала тұрғыны Тамара Филиппенкоға көмектесті. Кейуана жер үйде жалғыз өзі тұрады. Күйеуі осыдан 11 жыл бұрын қайтыс болыпты.

90-ға таяп қалған нәзікжандыға үйдің ішіндегі мен сыртындағы шаруаларды істеу оңай емес. Еріктілер баспананың алдын күл-қоқыстан тазартты. Отынын жарып, көмірін кіргізіп берді.

«Облыста Қарттар күніне орай «Жақсылық жолымен» атты акция өтіп жатыр. Алдағы бір ай бойы жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетеміз. Бүгінге дейін 26 адамға жәрдемдестік. Игі іске жастар ресурстар орталығынан 300-ден астам белсенді атсалысады», — Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының Дамир Әбдин.

Тағы оқыңыз: Қазан айында Солтүстік Қазақстанда түнде -10°С суық болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *