Рухы мықты, жүрегі кең, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген арулар — қоғамның тірегі. Петропавлда белсенді әйелдер жастармен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аналар отбасының ұйытқысы бола жүріп, еңбек майданында да табандылық танытуда. Қазіргі таңда әйелдер жұмыстың жеңіліне де, ауырына да қарамастан білек сыбана кірісіп, қоғам өміріне белсене атсалысып жүр. Айтары мол нәзікжандылар бүгін жастармен кездесіп, ұрпаққа тағылым болар өмір жолдарын баяндады.

Петропавлда белсенді нәзікжандылар жастармен кездесті
Петропавлда белсенді нәзікжандылар жастармен кездесті

«Шараға келген қатысушылар осы екі әйелге қарап қиыншылықтарды қалай өткенін, өскелең ұрпақпен қандай тәжірибесімен бөлісетінін тыңдайды. Сондай-ақ, қыздар өздерін толғандырған сауалдарын қоя алады», — «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева.

Шараға шақырылған қонақтардың бірі — Панзагүл Сейдахметова. Нәзікжанды 1972 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтын тәмамдап, СҚО-ға келген. Осы жерде 30 жылға жуық мектепте ұстаздық етіпті.

Зейнеттік демалысқа шықса да сүйікті ісі — музыканы тастамаған. Осылайша, әжелер ансамбліне қабылданып, қазір көркемдік жетекшісі болып еңбек етуде. «Талай жыл бір салада берекелі жұмыс істеудің сыры қарапайым»,- дейді Панзагүл Сейдахметова

Петропавлда белсенді нәзікжандылар жастармен кездесті
Петропавлда белсенді нәзікжандылар жастармен кездесті

«Егер өз ісіңді жақсы көрсең екі жақты да алып жүру оп-оңай. Сүйікті жұмысыңа да, отбасыңа да уақыт табасың. Барлығы адамның өзіне байланысты», — деді «Балқадиша» вокалды-фольклорлық халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі Панзагүл Сейдахметова.

Тағы оқыңыз: Петропавл әкімдігі Новопавловкадағы ескі зираттан қоқысты шығаруға уәде берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *