Өңіріміз үшін ардагерлердің орны бөлек. Аға буын өкілдері әрдайым өздерінің баға жетпес ақылдарын айтып, ауызбіршілікті сақтауда зор септігін тигізеді. Бүгін ассемблеяның дамуына үлесін қосып жүрген бірнеше ардагерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты өткізіліп отыр. Өңір ардагерлері өте белсенді деп айтсақ қателеспейміз. Оған аймақта болған су тасқыны дәлел. Аға буын өкілдері бірнеше рет аянбай еңбек етіп жатқан жандарға ыстық тамақ апарып, тіпті бөгетті нығайтуға көмектесті.
«Елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Олардың барлығы өздерін өзге емес қазақстандықпыз деп санайды. Бұған ардагерлердің қосқан үлесі зор. Белсенді жандарға алғысым шексіз», — деді СҚО ҚХА жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.
Валерий Евдокименко — бес жыл бойы облыстық ҚХА-да еңбек еткен. Қазіргі таңда зейнеткер басты жұмысы — немерелерін бағу. Бірақ, ардагер ассемблеяны сағынғанын жеткізді. Бүгін ол Алғыс хатпен марапатталды.

«Ең алдымен мұғалім болып жұмыс істедім. Ассемблеяға кездейсоқ жұмысқа тұрдым. 2005-2010 жылдар аралығында аталған ұйымда жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде ресейлік әріптестеріммен бірге ауқымды жұмыс атқардық. Шетелге де шықтым. Естен кетпейтін кездер еді»,- деді Валерий Евдокименко.
Тағы оқыңыз: Елімізде малын есепке қоймағандарға, анықтамасыз сатқандарға жаза күшейтіледі