Петропавлдағы “Ботай” арт-галереясында ҚР суретшілер одағының мүшесі, белгілі талант иесі Шамиль Гулиевтің жеке көрмесі қанат жайды. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өкінішке қарай, алматылық дарын денсаулық жағдайына байланысты бұл шараға қатыса алмады. Осы ретте Шамиль Гулиевтің өңірімізге не қатысы бар деген сұрақ туындайды. Ол алғаш асау үйретілген “Ботай” тұрағына ерекше қызығады. Көрмеге қойылған жұмыстарында жылқының бейлеленуі де содан. Мұндай өнерге тамсанбау мүмкін емес. Шабыт иесі туындыларды бояп қана қоймаған. Киіз, былғары, қауырсын, жылтырақ тастар, моншақтарды пайдаға жаратқан. Осылардың қосындысынан керемет еңбектер өмірге келген.

Шабыт иесінің “Тұран маркалары” атты топтамасына қызығушы жандардың саны көп болды. Бұл туынды түркітілдес ұлттардың аңыздары негізінде жасалған. Автор ассамбляж техникасындағы киіз, былғары, моншақ, ұлулардың қабыршақтарын қолданған, деді “Ботай” арт-галереясының экскурсия жүргізушісі Ділназ Смағұл.
Тағы оқыңыз: Ветеринария саласының қызметкерлері құрметке бөленді