Петропавлда жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған ондаған тұрғын қоныстойын тойлайды. Себебі шаһарда салынып жатқан төрт көппәтерлі үй тапсырылатын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

24-ші мамырдан бастап 18 жасқа толған, жеке үйі жоқ қазақстандық баспана кезегінде тұра алады. «Отбасы банкінің» «orken.otbasy.bank.kz» ақпараттық жүйесі қағазбастылықты біршама жеңілдетті. Енді тұрғын үй кезегіне тұру үшін күні бұрын қамданып, әкімдік ғимаратының есігін қағудың қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ тіркелуге болады.

«24 мамырдан бастап «Отбасы банк» «Ұлттық даму институты» мәртебесіне ие болды. Егер азаматтың соңғы бес жыл ішінде өз баспанасы болмаған болса, ол әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кезекке тұра алады. Тұрғындарды «orken.otbasy.bank.kz» сайтынп кіріп, деректерін жаңартуға шақырамыз», — деді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ маманы.

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұруға өтінім берген кезде жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Азаматтарды есепке қою бір күн ішінде жүзеге асырылады. Тілшілер қауымы жақын күндері қолданысқа берілетін көппәтерлі баспананың жағдайымен танысты. Бір шаршы метрдің құны 180 мың теңге тұрады. Айта кету керек, жыл соңына дейін осындай тағы үш көппәтерлі үй пайдалануға беріледі.

Петропавлда баспанаға мұқтаж жандарға арналып салынып жатқан 4 көппәтерлі үй биыл қолданысқа беріледі
Петропавлда баспанаға мұқтаж жандарға арналып салынып жатқан 4 көппәтерлі үй биыл қолданысқа беріледі

«Пәтерлердің 70 пайызы әлеуметтік осаш топтағы тұрғындарға беріледі. Оның 20 пайызы жетім балаларға арналған. Жақын күндері М.Жұмабаев көшесі, 282 мекенжайындағы 126 пәтерлік үйге өтініш қабылдай басталады», — деп қосты маман.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің «Отбасы банкінде» депозиті болуға тиіс. Көппәтерлі баспанадағы бір бөлмелі үйдің бағасы 7 млн 200 мың теңгеден басталады. Тұрғындар соның 10 пайызын, яғни, 720 мың теңгесін жинаса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *