Петропавлда балалар арасында «Менің Отаным» шығармашылық байқауы өтті

Петропавл қалалық И. Шухов атындағы кітапханада балалар шығармашылығының байқауы өтті. Республика күніне орайластырылған шараға қатысамын деген жастардың қатары қалың болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Республика күніне орай ұйымдастырылған «Менің Отаным» атты шығармашылық байқауға облыс орталығының оқушылары қатысты. Олар үш аталым бойынша бақ сынады. Біріншісі — туған жер, Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, екіншісі- өздері шығарған туындыларды оқу, үшіншісі- суреттер сайысы. Соңғы аталым бойынша қатысушалардың қатары көп болды.

Петропавлда балалар арасында «Менің Отаным» шығармашылық байқауы өтті

«Мен оқушылар сарайындағы сурет салу үйірмесіне қатысамын. Өзіме сурет салған ұнайды. Бұл байқауға киіз үйдің картинасын салып әкелдім. Нақтырақ айтсам, суретте киіз үйдің ішін салдым. Онда ілініп тұрған аттың суреті, жиналып тұрған екі сандықты салдым. Бүгінгі сайыста жеңіске жетемін деп ойлаймын. Сурет арқылы мен туған жеріме деген сүйіспеншілігімді көрсеткім келді», — дейді 10 жастағы қатысушы Альфия Бекназар.

Конкурсқа шығарылған суреттердің көпшілігінде Қазақстанның тұмса табиғаты, терең тарихы, Петропавлдың ерекше жерлері бейнеленген.

«Иван Шухов атындағы қалалық кітапхана мамандары ұйымдастырған байқауға қатысамын деген шығармашыл жастар көп болды. Қатысушылардың барлығы да марапатталады. Осылайша, балаларымыздың көркем өнерге, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттырамыз. Отанымызды қорғауға, оны жақсы көруге баулимыз», — дейді кітапхана директоры Гүлназия Бикенева.

Балалардың таланттары мен талаптарын бағалаған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, мадақтама қағаздары мен сыйлықтарды табыстады.

Петропавлда балалар арасында «Менің Отаным» шығармашылық байқауы өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-да моншада болған өрттен бір адам көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x